3.11.2019, 16:00
Қараулар: 74
СЫРЫМДЫҚТАР СЕМЕЙДЕН БАС ЖҮЛДЕ АЛДЫ

СЫРЫМДЫҚТАР СЕМЕЙДЕН БАС ЖҮЛДЕ АЛДЫ

СЫРЫМДЫҚТАР СЕМЕЙДЕН БАС ЖҮЛДЕ АЛДЫ

Семей қаласында халықаралық Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған» Ұлттың ұлы мұрасы» халықаралық өнер-білім фестивалі өтті.

Байқауға Сырым ауданы, ЖББ Бұлдырты орта мектебінен 7 оқушы қатысып, барлығы жүлдегерлер қатарынан көрінді. Жас ақын бөлімінде Аққымбат Жарылқапова «Күміс жүлдеге» лайық деп танылса, көркемсөз бөлімі бойынша Әмина Талапкер «Қола жүлде», Алтынай Тұрғалиева, Ақтолқын Саматқызы «Күміс жүлде», Мадина Ермек, Бексұлтан Серік ІІ дәрежелі диплом, газетіміздің жас тілшісі Жанерке Матышева бас жүлде иемденді. «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» дегендей, шәкіртті жоғары нәтижеге жеткізу жолында еңбек еткен ұстаздар Гүлзия Мырза мен Зәуре Берниязова «Үздік жетекші» аталымында үздік деп танылды.

Айжан АМАНГЕЛДИНА