30.01.2020, 10:50
Қараулар: 30
ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Бақдаулет Ибраимов жұмыс сапарымен ауданымызға келді.

кәсіпкерлік палатасы

Аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Айдынғали Балғалиев өткен жыл бойына атқарылған жұмыстар жөніндегі есебі мен алдағы жоспарларды атап өтті. А.Балғалиевтің айтуынша, жыл бойына ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қорынан 73 кәсіпкерге, аграрлық кредиттік корпорациясы арқылы 14 кәсіпкерге, «Сырым» НС» ЖШС-гі арқылы 11 кәсіпкерге, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 31 ауылшаруашылық құрылымдарына 382 млн теңгедей ауылшаруашылық техникаларын лизинг арқылы несие алуға көмек көрсетілген.


Жиынға аудандық мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлер қатысып, алдағы жоспарларды талқылады.

Айжан БАУЫРЖАНҚЫЗЫ