30.01.2020, 15:44
Қараулар: 180
ҰЛТТЫҚ ӨНЕР НАСИХАТТАЛДЫ

ҰЛТТЫҚ ӨНЕР НАСИХАТТАЛДЫ

Аудандық «Жас туристер станциясы» КММ-нің жұмыс жоспарына сай Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Атқа міну мәдениетін» жан-жақты талдай отырып, оқушыларға жылқының қасиетін, атқа міну өнерін насихаттау және оқушыларды жеті қазынамыздың бірі қазақы тазыны аңға салу мен күтіп баптау ерекшеліктерін меңгеру мақсатында «Арғымақ мінген арымас» және «Тазыны баптаудың, аңға салу жолдары» атты танымдық-тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды.

Шараға жас атбегі Төлеби Қайыржанов, тазы жанашыры Рустем Магзумов қатысты. Шара алдымен оқушыларға жалпы атқа міну мәдениеті мен қазақ халқының ат бегілік өнері, ат әбзелдері және қазақы тазы баптаудың ерекшеліктері туралы түсінік жұмыстарынан бастау алса, одан әрі Төлеби Қайыржанов оқушыларға ат әбзелдерін таныстырып, оларды пайдаланудың қыр-сырын жіті таныстырды. Оқушылар атқа  мініп серуендеп,  қызықты сәттерге куә болды.

Есенжан Бердіғалиев,

                  Аудандық «Жас туристер станциясы» КММ

                  ұйымдастырушысы