31.01.2020, 12:39
Қараулар: 28
ЖАЛҒЫЗБАСТЫ ҚАРИЯЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

ЖАЛҒЫЗБАСТЫ ҚАРИЯЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Еріктілер жылының басталуына орай жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен «Сырым жастары» ЖҚБ және де «Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің» Сырым аудандық пробация қызметімен бірлескен қайырымдылық шарасы өтті. Пробация қыметінде есепте тұрған тұлғалар мен ерікті жастар жалғызбасты қариялардың ауласындағы қалың қарды ашып, көмек қолдарын созды.

Пробация қызметі есебінде тұрған азаматтардың бос уақытын пайдалы мақсатқа жұмсап, ортаға бейімдеу, салауатты өмір салтын насихаттау бағытында да біршама шаралар жалғасады.

Жұлдыз ӘЛПЕНОВА