31.01.2020, 12:49
Қараулар: 69
ЕРІКТІ ЖАСТАР КӨРМЕ МЕН МУЗЕЙДЕ БОЛДЫ

ЕРІКТІ ЖАСТАР КӨРМЕ МЕН МУЗЕЙДЕ БОЛДЫ

Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұжымы және Сырым жастары еріктілер тобымен бірге аудандық мәдениет үйінің фойесіндегі Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, кәсіпқой фотосуретші Рафхат Халеловтың «Қазақтың Қадыры» атты фотокөрмесін тамашалады. Көрмеде Рафхат Елжасұлының Қадыр атамызбен кездескен сәтіндегі сәтті фотосуреттер қойылған. Студенттер көрмені аралай жүріп, Қадыр атамыздың өшпес жарқын бейнесін ұмытпай, үнемі ұлықтап жүретіндерін айтты.

Көрмеден кейін ерікті студент жастар аудандық  С.Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде болды. Сырым Датұлы атамызға арналған «Сырым және этнография» залын тамашалаған студенттер әрі қарай «Археология», «Табиғат және экология», «Мәдениет және өнер», «Ардагерлер» және «Тәуелсіздік» залдарымен кеңінен танысты.

Жұлдыз ӘЛПЕНОВА