13.02.2020, 12:00
Қараулар: 168
АУҒАН ЖАУЫНГЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

АУҒАН ЖАУЫНГЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Қособада ауылдық клуб пен Қособа, Жырақұдық кітапханалары ұжымының ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31-жыл толуына орай, жерлесіміз, жауынгер-интернационалист, ауған соғысының ардагері Аяпберген Төлепбергенұлымен «Ауғанның от жалыны» атты кездесу кеші өтті.

 

Шара барысында ауған соғысы жайында түсірілген бейнефильм көрсетілді. Құттықтау сөз алған ауыл әкімі Бейімбет Жайманов жауынгер-интернационалист Аяпберген Төлепбергенұлын айтулы мерекемен құттықтады. Көрермендер кеш иесіне сауалдарын қойып, жауынгер ағамыздың зұлмат соғыстың қасіреті туралы әңгімесін тыңдады.

Кітапхана оқырмандары әдеби-монтаждарын ұсынып, әнші С.Аубакиров «Ағама» әнін орындап берді. Кеш жүргізген кітапханашы Д.Бекчурина арнайы жасақталған көрмеге шолу жасады.

Шара соңында ауған соғысының ардагері Аяпберген Төлепбергенұлына ауыл әкімінің құттықтау хаты мен естелік сыйлық табыс етілді.

Жалпы білім беретін Жырақұдық орта мектебі баскетболдан Аяпберген Төлепбергенұлының жүлдесіне арналған дәстүрлі аудандық турнир ұйымдастырды.

Марат Халиуллин,

Қособа ауылдық клубының меңгерушісі