20.02.2020, 16:53
Қараулар: 216
КЕШКІ МУЗЕЙ

КЕШКІ МУЗЕЙ

Сырым ауданында «Кешкі музей» акциясы басталды. Алаш музейі ғимараты жұмыс уақыты аяқталғанда өз жұмысын бастайды. Акцияның мақсаты  –  жұмысбасты болып, музейге келуге уақыт таппай жүрген мекеме қызметкерлерін, шаруа қожалықтарын, кәсіпкерлерді тарту, құнды жәдігерлермен таныстыру.  «Кешкі музей» 18-28 ақпан  аралығында жұмыс жасайды.  Алғашқы күні  Жымпиты ауылдық округі  ұжымын Бекболат Мұханбетжан бастап келсе, «Жас туристер» станциясын Бейбіт Батыршин, аудан жастарын «Сырым жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы  Сәкен Мұса бастап кешкі музейді тамашалады.

Сондай-ақ музейге жәдігер тарту ететін «Музейге сый» акциясына қатысып, құнды жәдігер тапсырған  адамдар «Отбасылық абонемент» ұтып ала алады.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА