20.02.2020, 17:01
Қараулар: 262
«Ақ ырыстың» алғашқы кеші

«Ақ ырыстың» алғашқы кеші

Талдыбұлақ  мәдениет үйінде  жас  маман, хореграф Ақнұр Бақытжанованың  ұйымдастыруымен  «Ақ ырыс» би үйірмесінің  6 айлық есеп беру концерті өткізілді.  Кеште жас бишілер қазақ, ұйғыр, үнді ұлттық билерімен қатар, заманауи би, «Тентектер» биін орындады.

Ауылға келген ізденімпаз, алғыр, талапты жас маман ауылдың өнерпаз өрендерін биге тартып, үйірменің жұмысын ұршықтай иіріп жүр. «Ақ ырыстың» құрамында бүгінде 28 биші бар.  Жұмысына шын берілген хореграф қызына Ақнұрдың әкесі Манас та қолдау білдіріп, өз қаражатына видеопроектор сатып әперді.

 

Би өнерінің  сырын жақсы менгерген Ақнұр Манасқызының  биші қыздарына ауыл әкімінің міндетін атқарушы Азамат Абдрашев, ата-аналар Р.Өтешова, Р.Ермекқалиева, мәдениет майталманы, зейнеткер Т.Халелқызы  өзінің өнердегі шәкірті Ақнұр Манасқызына шығармашылық табыс тілеп, естелік сыйлық ұсынды.

 

 

 

                                                        Тамара Хасанова,

Талдыбұлақ  ауылы.