20.02.2020, 17:26
Қараулар: 64
ВОЛЕЙБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

ВОЛЕЙБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

Сырым аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде волейболдан «Шұбар доп»  мектеп лигасының аудандық турнирі өтті. Турнирдің мақсаты – салауатты өмір  салтын, ауданда волейбол ойынын кеңінен насихаттау.

 

Жарысқа ауданның 15 мектебінен 2004-2005 жылғы туған ұл-қыздардан құралған 12  ұлдар командасы, 8 қыздар командасы 150 оқушы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша А.Жұмағалиев атындағы орта мектептің ұлдары да, қыздары да бірінші орынды жеңіп алды. Олар үстіміздегі жылдың  қараша-желтоқсан  айларында өтетін облыстық жарысқа жолдама алды.

А.Жұмағалиев атындағы орта мектептің  ұлдарын  дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нұрхан Мағзомов, қыздарын Мерлан Бекениязов жаттықтырады. Ұлдар арасында ІІ орынды  Сырым орта мектебі,  ІІІ орынды  Жамбыл негізгі мектебі иеленді. Ал, қыздар арасындағы ойында  екінші жүлде  М.Қаналиев атындағы орта мектеп аруларына,  үшінші жүлде  Сырым аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қыздарына бұйырды.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА