20.02.2020, 17:40
Қараулар: 204
АБАЙ МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМДЕРІ АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ОҚЫП САЙЫСТЫ

АБАЙ МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМДЕРІ АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ОҚЫП САЙЫСТЫ

ЖББ Абай орта мектеп-балабақша кешенінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай шаралар ұйымдастырылуда.


Мектеп мұғалімдері арасында «Ұлы халықтың ұлы Абайы» атты мәнерлеп оқу сайысы оздырылды. Шараны ұйымдастырушы – қазақ тілі пәні мұғалімі Роза Измуханова мен кітапханашы Гүлмаржан Мүтиева.

 

Хакім Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқуға 12 мұғалім, әндерін орындауға 6 мұғалім қатысты. Ақынның «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін» өлеңдерін оқуда Айгүл Сәрсенғалиева үздік көрініп, бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орын Ләззат Тулембековаға, 3 орын Алмагүл Қайырбаеваға тиесілі болды. Абайдың құлақтан кіріп, бойды алар әндерін шырқауда Айнагүл Қажкенова 1, Нұрлай Ахметқалиева 2, Ақнұр Алдиярова 3 орынға ие болды. Мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымы шараға демеушілік көрсетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом және естелік сыйлықтар табыс етілді.

 Тамара БЕРЖАНОВА,
ЖББ Абай орта мектеп-балабақша кешенінің тәрбие ісінің меңгерушісі, кәсіподақ төрайымы