28.02.2020, 9:46
Қараулар: 160
ЖАҢА ТУЫНДЫЛАР ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

ЖАҢА ТУЫНДЫЛАР ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

Биылғы еліміздегі атаулы тарихи күндерге орай Қособа орта мектеп — балабақша кешенінде түрлі іс — шаралар ұйымдастырылуда. Атаулы мерейтойларға ұстаздарымыз шығармашылығымен үлес қосып келеді. Жоғары санатты көркем еңбек , технология пəндерінің мұғалімі, «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының» қосымша білім беру педагогы Муса Сұлтанғалиев еңбегі ерекше.

Ол Шығыстың ғұлама ойшылы, «Əлемнің екінші ұстазы» атанған Əбу — Насыр Əл — Фарабидің туғанына 1150 жылдығына арнап майлы бояумен портретін салды. Қазақ əдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік дара тұлға, дана Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жылдық мерейтойына орайластырып , «Абай өлеңдеріне иллюстрация » жасап, жаңа туындыларымен қуантты.

Сағымбай БӨПЕНИЯЗОВ,
Қособа ауылы