28.02.2020, 9:58
Қараулар: 170
Би ұжымы бес жыл бойы қайырымдылық концертін ұйымдастырып келеді

Би ұжымы бес жыл бойы қайырымдылық концертін ұйымдастырып келеді

Ауданда қайырымдылық шараларын тұрақты ұйымдастырып келетін ұжымның бірі – Жансая Сүндетованың би тобы.

2014 жылы  жұмысын бастаған би ұжымы 2015-тен бері жыл сайын  қайырымдылық концерті ұйымдастырып келеді. 2015 жылы «Жан жылуы» атты  концертте 20 мың теңге жиналып, ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға төрт балаға бөліп берілді. 2017 «Жан жылуы» атты қайырымдылық концертінде жан-жақты, талантты бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты, «Батыр аналарға»  30 мың теңге көлемінде сыйлық табыстады. 2018-2019-да екі жыл  қатарынан  тері ауруларымен ауыратын бір үйдің екі бүлдіршініне арналған қайырымдылық кешін өткізді.

Айта кетейік,  Бұлдырты ауылында жұмысын бастаған би үйірмесінде  «Керім-ай»  үлкен  және кіші би топтары,  «Шаттық» үлкен  би тобы,  «Арнау» МАДС тобы мен «Арнау»  2-3 сыныптардан тұратын би топтары жұмыс жасап келеді. Жансая Қанатқызы бүгінде би үйірмесімен 90 баланы қамтып отыр.  2016 жылы  4 қыз, 2017 жылы 6 қыз,  2018 жылы 4 қыз  үйірмені бітіріп, біреуі БҚМУ-да хореграфия мамандығы бойынша білім алуда.

Бүгінде би ұжымы  қазақ  билерін, түрлі өкілдерінің халық билерін, заманауи,  латынамерика,  спорттық, балалар билерін орындап жүр. Жансаяның би  топтары республикалық байқауларда жүлделерге ие болып келеді.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА