28.02.2020, 10:16
Қараулар: 68
КАРИКАТУРАШЫЛАР БАЙҚАУЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

КАРИКАТУРАШЫЛАР БАЙҚАУЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

«Nur Otan» партиясының  Сырым аудандық  филиалы  сыбайлас жемқорлыққа қарсы карикатуралар байқауын ұйымдастырған болатын.  Байқау бір ай бұрын бастауыш партия ұйымдарына құлақтандырылды.  Байқауға тапсырылған 40-қа жуық жұмыс 18 жасқа дейін және 18 жастан кейінгі жас аралықтарына бөлінді.

Аудандық филиалдың жанындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі арнайы комиссияның төрағасы Саламат Иманғалиев  карикатуралар байқауының  әділ қазылар алқасының төрағалық етті.

–  1 наурыз алғыс айту күнімен тұспа-тұс келіп отырған Партия күніне орай ұйымдастырылып отыр.  «Nur Otan» партиясы  «Алтын домбыра» байқауы, бәйге, көкпар, түрлі сапорттық  жарыстар, Абай оқулары, тағы да басқа көптеген шараларға демеуші болып келеді, — деді «Nur Otan» партиясының  Сырым аудандық  филиалы ның төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев.

18 жасқа дейінгі тұрғындар арасында 1 орынды Мақсат Сүйінғали жеңіп алды. ІІ орынға Нұржігіт Абылай, ІІІ орынға Дарын Болат ие болды.  Көтермелеу сыйлығы Мәдина Тілекқабыловаға табыс етілді.

18 жастан жоғары карикатурашылардан бірінші жүлдені Үміт Жұмабаева иеленді. Екінші жүлде Мұрат Рамазановқа, үшінші жүлде Нұрболат Ханафинге бұйырды. Белсене қатысқаны үшін Ерес Тайшиев марапатталды.  Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА