28.02.2020, 10:57
Қараулар: 281
АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ АРНАЛДЫ

АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ АРНАЛДЫ

Аудандық мәдениет үйінде «Ризамын еліме» атты алғыс айту күніне арналған мерекелік шара өтті.

Шараның шымылдығын Гүлдерайым Опағалиева «Алғыс» әнімен ашты. Алмагүл Жұма түрік әні «Гезеген» деп шырқаса, Зубарзат Латипова «Ай бұлбұлым» деп әуелетіп, Анастасия Руденко «Ой премушка» деп сызылта ән салды.
«Жауқазын» би ансамблі орыс биі мен флешмобты жоғары деңгейде халыққа ұсынса, шара соңында «Атамекен» шырқалып, бір тебірентті.

А. БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,
Сырым ауданы