6.05.2020, 10:48
Қараулар: 193
АУДАН ӘКІМІ ҚАЛАМГЕРДІ ҚАБЫЛДАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ҚАЛАМГЕРДІ ҚАБЫЛДАДЫ

Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев әріптесіміз Мүсірбек Айташевты қабылдап, қазақы құрметпен арқасына шапан жапты. Ауданымыздың айнасы «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінде
40 жылға жуықтаған еңбек жолын ерекше атап өтіп, мерейлі зейнеткерлік жасымен құттықтады.


Құрметке бөленген Мүсірбек Әлібекұлы осы күнге дейінгі жетістіктері «айрандай ұйыған ұжымымен жеткен белестерім» дейді.
Аудан әкімі «Жәрдемтанудағы» еңбегін де атап өтті.
Аталмыш ұжымның басшысы Бауыржан Ширмединұлы да ұжым атынан аудан әкіміне алғысын білдірді.

Айжан БАУЫРЖАНҚЫЗЫ