6.05.2020, 11:18
Қараулар: 446
ҰЛАНДАҒЫ СЫРЫМНЫҢ ҰЛАНЫ

ҰЛАНДАҒЫ СЫРЫМНЫҢ ҰЛАНЫ

Алтынбек Жайлыханов Сырым ауданының тумасы. Бұлан кентіндегі орта мектепті тәмамдаған соң Алтынбек Балтабайұлы 2001 жылы мамыр айында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына №0111 әскери бөліміне шақырылды. Ал, 2003 жылғы мамырда ол Қазақстан Республикасының қатарында келісімшарт бойынша қызметке ауысты.


Әскери борышын № 0111 бөлімінің «Құрмет» қарауыл ротасында атқарған А.Жайлыхановтың жауынгерлік міндеті рәсімдік кездесулерге қатысу, Президент пен оның отбасын қорғау, аса қадірлі басқа мемлекеттерден келетін президент, премьер-министр т.б. лауазым иелерін қарсы алу, шығарып салу еді. Әскери борышын атқару кезінде жоғарыда аталған іс-шараларға белсене қатысқан Алтынбек осы салада қызмет жасағанды ұнататындығын айтады.
Иә, өз міндетін қастерлей білетін Алтынбек Жайлыханов бүгінде қызметін келісім шарт түрінде жалғастыруда. Қазіргі таңда А.Жайлыханов «Мемлекеттік Күзет қызметі» деп аталатын бөлімдегі қызметінде білгір де, тәжірбиелігі мен әріптестері ортасында үлгі-өнеге болуда.

  • Алда келе жатырған «Отан қорғаушылар» күнімен шын жүректен құттықтай отыра, өскелең ұрпаққа әскери саладан қашпай, Отан алдындағы борышын өтеу ер-азаматқа басты парыз.- дейді Алтынбек Балтабайұлы.

Айжан БАУЫРЖАНҚЫЗЫ