27.05.2020, 15:57
Қараулар: 512
КОРОНАВИРУС ӨТІРІК ПЕ?

КОРОНАВИРУС ӨТІРІК ПЕ?

Аудандағы ахуал

Мамыр айының 20 күні Сырым ауданының 1 тұрғынынан короновирус инфекциясы анықталды. Бұл жағдай туралы ресми ақпаратты мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы БҚО әкімдігінің Telegram парақшасы арқылы таратты.

Сол – ақ екен, республикалық сайттар мен телеарналар Сырым ауданынан алтын адам табылғандай сүйінші сұрай жөнелді. Бәрінің де дереккөзі бір – штабтың хабарламасы. Бірақ, әр сайт өзінше жорамал жасап, әр телеарна өзінше түйін түйген. Мәселен, атышулы NUR.kz «Батыс Қазақстан облысында бірінші рет өзегі белгісіз вирус анықталды. Факт Сырым ауданында тіркелді, науқас ауыл – аймақтан асып ешқайда шықпаған, вирусты қайдан жұқтырғаны белгісіз.» — деп айқай салды. (Впервые в ЗКО выявили факт заражения коронавирусов неизвестного происхождения. Пациент – мужчина, не контактировавщий с больными КВИ. Врачи не могут выяснить, где он мог заразиться.. — NUR.kz) «Нұрекең» айқай салуын салғанымен, әрі қарайғы деректі «Астана» телеарнасына сілтеп жіберіп, қарап отыр.

Әрине, ауылдасынан ауру анықталды дегенді естіген сырымдықтар оның да өздерінің де жағдайына алаңдаулы күйге түсті. Бұл жағдайда, алаңдаған көңілдің емі – дұрыс ақпарат. Біз де соны іздедік. Сырым ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ләззат Мұқанова қызмет тәртібіне байланысты аудандағы ахуал жайлы ашып ақпарат бере алмайтынын, бірақ, тұрғындардан сақтыққа сақ қарамауды сұрайтынын айтты. Ләззат Мұқанованың кеңесімен БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінен ресми мәлімет сұраттық. Департаменттің баспасөз қызметі сұранысты кешіктірген жоқ.

  • Сырым ауданында тіркелген бірінші науқас — аудандық орталық аурухана қызметкері. Қызметкер жұмысқа келгенде таңғы фильтрден өту барысында дене қызуының көтерілуі анықталғандықтан, коронавирус инфекциясына сынама алынып, үй оқшаулауына жіберілген. Алынған ПТР қорытындысы оң нәтиже көрсетуіне байланысты, науқас инфекциялық стационарға жатқызылды. Анықталған жағдай бойынша Сырым аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының  мамандарымен эпидемиологиялық тергеу жұмыстары  жүргізіліп, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталды. Эпидемиологиялық тергеу барысында анықталған адамдар оқшауланып, олардан да зертханалық сынамалар алынды.

Сырым ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен Сырым аудандық орталық ауруханаға және науқас анықталған үйге карантин жарияланды. Барлық ауру ошақтарында дезинфекциялық шаралар ұйымдастырылды. – дейді департаменттің баспасөз хатшысы Әдемі Хасанова.

Жоғарыдағы NUR.kz – тің жорамалына қатысты айтарымыз, науқас ауруды кімнен жұқтырғаны, кейін кімдермен байланыста болғаны жөнінде эпидемиологиялық тергеу жұмыстары әлі жалғасуда. Тергеу жұмысы аяқталмай тұрып «Сырымдағы вирустың «мекен — жайы» жоқ!» — дабыралатуы орынсыз болғаны рас.

Аудандық аурухана карантинге жабылды дегенді естігеннен кейін, аурухана директоры Роза Тахамбетоваға хабарласып, «Науқаспен қарым – қатынаста болғандар анықталды ма? Аурухана жабылса, халық қайда барады?» деген сауалдарға жауап беруін сұрадық.

Науқас әріптесімен жақын қарым – қатынаста болған 53 медқызметкер анықталып, бәрі үй жағдайында оқшаулауға қойылыпты. Туындаған жағдайға байланысты аудандық емхана уақытша Өлеңті ауылындағы әлеуметтік орталық ғимаратына көшірілді. Сынама тапсыру, ем – шара алу, күндізгі стационар қызметтері мен жалпы тәжірибелік дәрігер, офтальмолог, невропотолог, гинеколог, хирург сияқты дәрігерлердің қабылдаулары уақытша сол жақта жүргізілді. Қазіргі уақытта аурухана жұмысын қайта жалғастырды.

2020 жылдың 21 мамыры бойынша облысымызда тәжвирусын жұқтырудың 352 жағдайы анықталса, соның ішінде 2-еуі тағы да Сырым ауданнан тіркелді.

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің дерегіне сүйенсек, екі адам да – кеше анықталған науқаспен жақын қарым – қатынаста болғандар екен. Соңғы анықталған науқастармен қарым-қатынаста болған адамдардан да зертханалық сынамалар алынды, анализдері жұмыста.

Департаменттің баспасөз хатшысы Әдемі Хасанова ресми ақпаратын:

  • Коронавирус инфекциясының қауіптілігі әлі де азайған жоқ. Сондықтан тұрғындардан адам көп жиналатын жерлерге бармау, қолды жиі жуу, жабық нысандарда маска кию, дүкен, дәріханаларға барғанда әлеуметтік қашықтықты сақтау, үйді жиі желдету, дезинфекциялық шараларды жүргізу сияқты алдын — алу шараларын сақтауды сұраймыз. Жиын-той өткізбеу мәселелеріне ерекше тоқталып өткіміз келеді. Карантин кезінде мұндай шараларға тыйым салынған. Карантин режимі бұзылса, коронавирусқа шалдыққандардың саны күрт көбейіп кетуі мүмкін. – деген кеңеспен толықтырды.

 

Кеселдің жолын карантин кесер деп…

 

Осыған дейін коронавирус инфекциясын жолатпауды ойласақ, кешегі аптадан бастап Сырым ауданына оны жою, дәлірек айтқанда «шынжырын үзу» міндетке айналды. 22 мамыр күніСырым аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Ләззат Мұқанованың ауданға карантин жариялау туралы қаулысы шықты. Қаулы сол 23 мамыр күні сағат 00:00 — де күшіне енеді.

Карантин Сырым ауданында коронавирус инфекциясының нақтыланған жағдайларының шоғырлануына және таралуына жол бермеу мақсатында жарияланды. Жымпитыда екі жерде блок — бекет қойылды. Азық — түлік тауарларын, дәрілік және медициналық заттарды, тұрғындардың өмір сүруіне қажетті басқа да тауарлар мен қызмет түрлерін, өндірістік, ауылшаруашылығы кәсіпорындарының үздіксіз жұмысын қоспағанда, Сырым ауданына және ауылдар мен елді мекендерге көліктердің кіруіне және шығуына тыйым салынды. Шұғыл жолға шығушылар КВИ жұқпасына қарсы құрылған аудандағы жедел штабтан рұқсат алуы тиіс.

Аудандық жедел штаб осы сейсенбіде:

  • Орал қаласына бару үшін жеке тұлға немесе кәсіпкерлік субьекті жетекшісі stopcovid.kz сайтына электрондық цифрлық қолтаңба арқылы 2 – 3 күн бұрын өтініш беруі тиіс. Бару себебі нақты әрі түсінікті көрсетілуі керек. Өтініштер бойынша күн сайын тізім жасақталып, аудандық жедел штаб отырысында қаралады. Рұқсат берілген өтініштер Орал қаласына жолданады. Өтініш мақұлданса не кері қайтарылса ұялы телефонға SMS хабарлама келеді. Аудан ішінде округ әкімінің рұқсатнамасымен жүру керек. – деген жадынама жариялады.

Аудандаазық — түлік дүкендері, банк, пошта мекемелері жұмысын жалғастыруда. Бірақ, тұрғындар мен қызмет көрсетушілерден әлеуметтік ара қашықтық пен санитарлық тәртіпті сақтау қатаң талап етілуде.

23 мамыр күні Сырым ауданында тағы бір адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Бұл ақпарат сол күні Батыс Қазақстан өңірлік коммуникациялар желісің «AQJAYIQ» телеарнасының тікелей эфиріндегі баспасөз мәслихатында облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев мәлімдемесінде айтылды.

— Анықталған төртінші адам — медицина қызметкері. — деді департамент өкілі.

Жексенбі күні елдің ішінде «Жымпитыда тағы бір адам коронавирус жұқтырыпты» — деген әңгіме гулеп кетті.  Әңгіме емес, нақты дерек керек. Сондықтан, департаменттің кезекті мәслихатын күттік.

— Батыс Қазақстан аумағында КВИ жұқпасына қатысты эпидемиялогиялық ахуал өте тұрақсыз. Облыс бойынша 414 жағдай тіркелді. Аудандарға келер болсақ, Сырым ауданында індетті 5 адам жұқтырған. — деді Нұрлыбек Мұстаев мырза баспасөз мәслихатында.

Аудандағы науқастар анықталған мекенжайлар, атап айтқанда 1 әлеуметтік нысан мен 2 жеке тұрғын үй дезинфекцияланды. Ауданның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ләззат Мұқанова:

— Ауруханадан жұқпа тіркелгені жөнінде жедел хабарлама түскен бойда ошақтарда эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастырылады. Біздің мамандар ошақтарда эпидемиялогиялық тергеу жұмыстарын жүргізеді, науқаспен қарым-қатынаста болған кісілерді анықтайды,аудандық аурухана зертханалық тексеруден өткізу және медициналық бақылау жүргізу үшін үй карантиніне алады. Індеттің ізін жою жолында аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы қызметкерлері Бибінұр Мұхамбетжанова, Гүлбану Мәулетова, Тәнзила Есқалиевалар еңбек етуде.– дейді.

Дезинфекцияны басқарманың сұранысымен БҚО бойынша дезинфекция орталығының аудандағы филиалының мамандары жүргізіп жатыр екен.Осы тұста әріптестеріміз — Қайырболат Қуанышбаев пен Тұран Батырғалидың қызметтерін де атап өткен жөн.

 

Жаназаға бару – парыз, ал карантин кезінде бару – қауіп!

 

Аудандағы ахуал осындай. Облыста ше? Осы аптада коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі өңір бойынша да артып кетіпті. Қаладан бөлек, жағдай 7 ауданда тіркеліп отыр. Соңғы үш күнде дертке шалдығу пайызы 7 – ден 9 – ға өскен.

Инфекция жұқтырғандардың күрт өсуіне тұрғындардың санитарлық талаптарды сақтамауы негізгі себеп. Төтенше жағдай алынды деп, көбі қонақтық пен жиынға төте тартқан.

  • Карантиндік шектеу шаралары күшінде тұрса да, Сырым ауданында қырғын адам жаназа рәсіміне қатысты деген дерек бар. – деді сейсенбі күні баспасөз мәслихатына қатысып, журналистердің сұрағына жауап берген облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Мұхамғали Арыспаев.

Жаназаға бару – парыз, ал карантин кезінде, кеселдің беті қайтпай тұрған уақытта бару – қауіп қой.Мәселен, кейінірек коронавирус жұқтырғаны анықталған науқас одан бұрын жаңағы жаназа рәсіміне барып, елдің арасында жүрген. Ауданның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ләззат Мұқанованың айтуынша, Сырым ауданында науқастармен қарым — қатынаста болған 74 адам үй карантиніне қойылыпты.

Дәл қазіргі күні халықтың арасында екі мәселе бір. Біріншісі – тұрғындардың коронавирус инфекциясының бар екеніне, ауылдастарының, тіпті туыстарының ауруға шалдыққанына сенбеуі. Вирусты «мойындамайтындар» әлеуметтік ара қашықтық, санитарлық талап дегендерді ысырып қойып, емін – еркін жүр. Екінші мәселесі – осы!

Коронавирус өтірік пе сонда? Халық неге сенбейді? Біздің ойымызша, бойынан кеселі анықталған адамға қандай ем – шара жасалып жатыр, жұқпалы аурулар ауруханасындағы ахуал қандай деген ақпарат жетіспей жатыр. Содан да болар, ел арасында «Оң нәтиже берген адамдардың дымы жоқ екен. Оралда босқа жатқан көрінеді.» — деген алып – қашпа әңгіме көбейіп тұр.

Ол жердегі дәрігерлер не айтады? Мамандармен сұхбаттасқымыз келіп, Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілдеріне өтініш жасадық. Әзірге ол шаруа үйлеспей тұр. Дәрігерлердің мұршасы болмай жатқаны да себеп шығар. Алайда, облыстағы науқастардың ортасында жүрген ауданның дәрігері Айгүл Анесовамен тілдесудің мүмкіндігін таптық. Оған қояр бірінші сұрағымыз «Халық арасында «Оралға жолданған науқастар ешқандай ем – шара алмай, төрт мезгіл ас ішіп, «демалып» жатыр» — деген әңгіме бар. Бұл туралы не айтасыз?» — деген болды.

  • Вирус симптомды және симптомсыз болып екіге бөлінеді. Яғни, коронавирусқа оң нәтиже берген көп науқаста аурудың белгісі болмайды. Ем – шараның кіріспесі – бақылау. Біздер жұқпалы аурулар ауруханасы КВИ диагнозымен келген, бірақ ауру симптомы байқалмаған науқастарды бақылауға қоямыз. Аурухана келді деген сөз – оқшауланды деген сөз. Пациенттердің тыныс жолдарын шайып, тазалаймыз. Науқасқа дәрігердің қадағалауында болудың өзі үлкен пайда емес пе?

Дерт жұқтырғандармен сөйлесеміз ғой, олар кезінде вирустың бар екеніне сенбегенін, санитарлық талаптарға мән бермегенін айтады. Қазір бәрінің шын екеніне көздері жетті. Мәселен, Теңіз кенішінен келген азаматтар да оқшаулануда олқылық, сақтануда салғырттық танытқан. Соның кесірінен, өздері ғана емес, тұтас жанұясы дертке шалдықты. Ауруханада бір үйден 4 – 5 адам жатыр. Жағдайдың ушығып тұрғанына бұл дәлел емес пе? Реанимацияда жатқан бір науқас та кезінде вирус өтірік деп ойлаған. Қазір халі ауыр. Медбикелер өз қолдарымен тамақтандыруда.

Халық неге сенбейтінін түсінбеймін. Оларға адамның өлгенін көру міндетті ме екен? Әлде оған да шанбай ма екен. Жерлестерімнен ахуалға шынайы көзбен қарауын сұраймын. – дейді Айгүл Анесова. Бұл кісінің көрші беттегі «Немереден науқасты биік қойған!» мақаласының кейіпкері екенін аңғарған боларсыздар. Ауданның аяулы дәрігерінің тұңғыш немересін көруге уақыт таппай, аурумен арпалыста жүруі де – ахуалдың күрделі екенін білдірмей ме?

 

ТҮЙІН

Сөз соңында сахабалар өмірінен мынандай салиқалы мысалды келтірген жөн секілді. Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) күйеуі баласыХазіреті Әлиге (р.а.) бір кісі келеді. Бұл келген кісі өлімнен кейін қайта тірілуді, ақырет күнгі есеп беруді, жәннат пен жәһаннамды жоққа шығаратын кісі еді. Әйтсе де, ол жәй келмеді. Ел арасында «ілім қақпасы» атанған ардақты сахаба хазіреті Әлиді (р.а.) сөзден жықпақ болып:

– Ей, Әли! Осы сендермұсылмансыңдар. Өлімгежәнеөлімненкейінгіжағдайларғаиманкелтіресіңдер. Ал, бізболсақмұндайларғаешбіриманкелтірмейміз. Сен жәһаннамнанқұтылып, жәннатқакіруүшінкөп-көпғибадатжасайсың, қалаберді мал-дүниежұмсайсың, осыныңбарлығындаәжептеуірқиыншылықкөресің. Осыншалықтықиналумаңыздымаеді? Егер сен айтқандайөлімненкейінқайтатірілуболмайқалса, онда не істейсің? – деді.

ХазіретіӘли (р.а.) имансызадамныңақылсызқойғансауалынүнсіздікпентыңдады да, сосыноғанқарап:

– Жақсы, өлімненкейінқайтатірілу, есепкетартылу, жәннатжәнежәһаннамғакірусеніңайтқаныңдайжоқделік. Бірақ, бұлдүниедежүріп Алла үшіноқығаннамаздарымыз, жасағанқұлшылық-ғибадаттарымыз, жақсылықістеріміз, көркемәдебіміз, бергензекетіміз бен садақаларымызбізгепайдаәкелмесеешбірзиянынтигізбейді, – деді. Сөйтті де:

– Бірақ, біздіңайтқанымыздұрысболыпақырет бар болса, олкездесеніңхалің не болмақ? – депөзінетосыннансауалтастапты.

Коронавирус та сол секілді. Тәртіпке бағынып, тазалық сақтап жүрген адамның ауруға ұшырамаса да ештеңесі кетпейді. Сенбей, сақтанбай жүргенде вирустың құрығына ілініп қалсақ, не істейміз?

 

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ