27.05.2020, 16:15
Қараулар: 409
 » 
Жымпиты сиырларының «ашық жиналысы» өтті

Жымпиты сиырларының «ашық жиналысы» өтті

Кешегі аптада С. Датұлы көшесінде Жымпиты сиырларының «ашық жиналысы» өтті. Жиналыстың күн тәртібінде «Жымпитының көшелерінде жайылу» бағдарламасының орындалуы мәселесі қаралды.

dav

Жиынға төрағалық еткен Қарасудың қызыл сиыры өзінің жайылымдастарын басты көшелермен жайылу, көліктерден сақтану мәселелерін айтты. Меңделиев көшесінен келген ақ тана қай көлеңкелеу орындарын таныстырды. Тротурардың үстіне жайғасқан төралқа мүшелері көшелерде жайылу бағдарламасын үздік орындап, тіпті «Nur Otan»партиясы Сырым аудандық филиалының ауласындағы шөпті жеп, сол еңбегі «лайықты бағаланып» «Сырым елі» газетінің бірінші бетіне шыққан қара сиырға Жымпиты сиырларының атынан алғыс жариялады.

oznor

Бұл шараға екі сиыр «денсаулық жағдайына» байланысты қатыса алмады. Екеуінің «ауырым ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеп» ауруханаға кіріп бара жатқан суретін оқырманымыз WhatsApp арқылы жолдады.

Иелерінің малын жинайтын түрі көрінбейді. Көшедегі сиырлар жиналысының қашанға дейін жалғасатыны белгісіз.

 

Оқиға орынынан: Б. Шерім