16.06.2020, 10:39
Қараулар: 56
СЫРЫМДА «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҒЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ.

СЫРЫМДА «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҒЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ.

Сырым ауданында «Жасыл ел» еңбек жасағының 1-ші кезегі жұмысын бастады. Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ғимаратының ауласында «Жасыл ел» сарбаздарына арнайы киімдері табысталды. 

Айта кетейік, «Жасыл ел» жасағына аудан бойынша 15 жас қабылданып отыр. Олардың 12 — сі аудан орталығының абаттануына, ал 3 — еуі Бұлдырты ауылдық округінің көгалдандануына атсалысып, еңбек ететін болады.
«Жасыл елдің» сарбазы болу – жастар арасында үлкен беделге айналуы керек. Сарбаз атану — туған жеріңнің дамуына үлескер болу. Студенттер, жұмыссыз жастар бос уақыттарында еліне қызмет етіп, мекенін гүлдендіруге, көгалдандыруға атсалысса, екіншіден, жазғы демалыстарын тиімді өткізіп, табыс табады. — дейді жоғарыда аталған орталықтың басшысы Нұртілеу Болат. ⠀


«Жасыл елдіктермен» Жымпиты ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Д.Жанклишев, Бұлдырты ауылдық округінің әкімі Ерлан Мақашев танысып, сәт — сапар тіледі. COVID-19 вирусының алдын-алу мақсатында аудандық сантинарлық-эпидемиологиялық орталық мамандары арнайы шақыртылып, сарбаздарға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.

 

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ