10.09.2020, 11:35
Қараулар: 80
ЖЫМПИТЫ КӨШЕЛЕРІ ҚАЗАҚЫ НАҚЫШПЕН ҚҰЛПЫРУДА

ЖЫМПИТЫ КӨШЕЛЕРІ ҚАЗАҚЫ НАҚЫШПЕН ҚҰЛПЫРУДА

Аудан орталығы әрі халықаралық күре жолдың бойындағы кент болғандықтан Жымпитының азып – тозып тұруға қақы жоқ – ты. Жақында, Алашорда көшесінің бойындағы электр бағандарына диодты ою – өрнектер тағылып, ауылдың ажарына ажар қосылды.
Алашорда көшесімен күніне 4 – 5 мың көлік өтеді. Өйткені ол Самара – Шымкент күре жолының бойында тұр. Жымпиты ауылдық округі әкімінің міндетін уақытқа атқарушы Дархан Жанқылышевтің айтуынша, бас көшенің қазақы нақышта безендіруге 2 млн 80 мың теңге бөлінген. Орал беттегі қақпадан Ақтөбе бағытындағы қақпаға дейін жол бойына 32 дана әшекей ілініпті.
Округ әкімдігі диодты өрнектің тағы 50 данасына тапсырыс берген. Олар да Жымпиты көшелерін күндіз – түні сәнге бөлемек.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ