11.09.2020, 10:22
Қараулар: 16
ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ СЫРЫМҒА КЕЛДІ

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ СЫРЫМҒА КЕЛДІ

Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Айман Хайруллина, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы БҚО бойынша филиалының директоры Шынар Габдрахманова жұмыс сапарымен ауданға келді.
Аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Медет Мырзаш төрағалық еткен жиынға бір топ мемлекеттік қызметшілер қатысты.
А.Рафикқызы мемлекеттік қызметшілердің жалпы әдебі жайында, нақтырақ айтсақ, қараша халықпен ортақ тіл табыса білу, азаматтардың мәселесіне ден қоя отырып, оларды шешудің тиімді жолдары жайына тоқталды. Одан бөлек, «мемқызметкердің киім үлгісі, өз өзін ұстауы, қоғам алдындағы жауапкершілігі- өзгелер үшін үлгі, айна іспеттес болуы керек» деп баса айтты.
Бұл жиынның ерекшелігі, әдеттегі жиындардан бөлек. Айман Рафикқызы мемқызметкерлер мен диалог бағытында еркін форматта тілдесті.
— Мемқызметкерлердің ішінде барлығы дерлік қағазбасты болмайды, кез келген ортада ойын ашық жеткізе білуі керек. Ол үшін қолы қалт еткенде кітаптар оқып, болмаса өзін жетілдіретін онлайн вебинарларға қатысуға болады,-деп тілге тиек етті.
Тек аудан орталығы Жымпиты да емес, Бұлдырты, Жосалы ауылдық округтерінің де мемқызметкерлеріне шағын жиындар өткізілгендігін де айта кету керек.
Айжан БАУЫРЖАНҚЫЗЫ