29.09.2020, 15:59
Қараулар: 58
СЫРЫМ КОЛЛЕДЖІ РЕДАКЦИЯҒА СЫЙЛЫҚ ЖАСАДЫ.

СЫРЫМ КОЛЛЕДЖІ РЕДАКЦИЯҒА СЫЙЛЫҚ ЖАСАДЫ.

«Сырым елі» газеті мен Сырым колледжін көп нәрсе байланыстырады. Біріншіден, колледжде біздің басылымды сүйіп оқитын оқырмандардың қалың қатары. Штаттан тыс тілшіміз Ахмет Батыршин де жазып тұруды осы білім ордасында қызмет еткен уакытта қолға алған. Қазір — тұрақты автор. Екіншіден, колледждің ғимаратында бұрын «Қызыл ту» газетінің редакциясы мен баспаханасы орналасты.

Сырым колледжі өзінің шығармашылық әріптесі — «Сырым елі» қоғамдық — саяси газетінің 90 жылдық мерейтойын ұмытпапты. Жақында демеушілер көмегімен редакция ауласына өрнектас төселгенін жазған едік. Колледж директоры Санат Берсебаев сол аулаға екі бірдей су жаңа көше орындығын сыйлады.

— «Сырым елін» сүйіп оқимыз. Еңбегімізді насихаттап, педагогтарымыз туралы тамаша материалдар жазып жатады. Мұң — мұқтаж, мәселемізді қаузайды. Журналистерді шараларымызға шақырып жатамыз.

Төл басылымыздың 90 жылдық мерейтойы болып жатқанда үнсіз отырғымыз келмеді. Колледж цехындағы шеберлеріміз орындық жасады. Редакцияға ойдың, қиялдың адамдары көп келеді. Солар жайлы әрі сәнді жерде отырып шығармашылық хақында толғансын дедік. — дейді директор Санат Берсебаев.

Қос орындық қойылып еді, редакция ауласы жайнап кетті.

«Сырым елі»