29.09.2020, 16:02
Қараулар: 49
ҚҰНДЫЗДАН – КҮЙТАБАҚ, МИРБОЛАТТАН – ОЙНАТҚЫШ

ҚҰНДЫЗДАН – КҮЙТАБАҚ, МИРБОЛАТТАН – ОЙНАТҚЫШ

Қапшағай қаласында Қадыр Мырза Әлінің туғанына 85 жыл толуына орай өткен шарада ақын атындағы қордың бас демеушісі, «КАТЭК» компаниясының бас директоры Құндыз Нупов Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Айнагүл Ойшыбаеваға күйтабақ сыйға тартыпты.

Ол күйтабақта Қадыр ақынның өзі оқыған 25 өлеңі жазылған. Айнагүл Мағауияқызының айтуынша, күйтабақты қосу үшін радиоойнатқыш табу оңай болмады. Батыс Қазақстан облыстық тарихи өлкетану музейінің директоры Мирболат Ерсаев іздеп, тауып, аудандық музейімізге сатып әперді.

Қадырдың 85 жылдық мерейтойына аудандық мәдениет үйінде ақынның өз даусымен оқылған өлеңдері тыңдалды, көптің көңілінен шықты.

Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі қатарынан қос жәдігерге толықты.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА