15.10.2020, 11:57
Қараулар: 36
КӘСІПКЕР ЖАРАП ТҰР

КӘСІПКЕР ЖАРАП ТҰР

Жеке кәсіпкер Батырхан Куткожиннің өрнек тас, сақина (кольцо) жасаумен айналысып, халық арасында таныла бастағанына да үш жылдың жүзі болыпты.

Бүгінде «Бағдат» жеке кәсіпкерлігінің иесі Батырхан Куткожинге інісі Әлішердің қолдау, көмегі өте зор.

Өткен жылы аудан орталығына қажетті сұранысқа орай өрнектасты молшылық жағдайда шығаруға көңіл бөлінсе, биылғы жылдың еншісінде судың тапшылығына орай құдық қазушылар қатары көбейген соң сақина (кольцо) құюға басымдық берілуде.

Қаладан арнайы темірді иіп, кестіріп, қалып жасатып әкелген кәсіпкер Б.Куткожиннің күніге құдыққа арналған екі сақинаны жасауға мүмкіндік бар.

  • Жаз айында арнайы құрылыс материалдарын қоспаға енгізіп, 160 дана сақина жасап шығарсам, бүгінде 30-ға жуық тапсырыс берушілер кезекте тұр. Сақинаның бағасын сұраныс иесінің талғамына сәйкесті 20 мың теңге шамасында қойдым.

Кәсібім өзіме ұнайды. Басты ниетім тұрғындар талғамына сәйкесті еңбек ету,-дейді жеке кәсіпкер Батырхан Нұршатұлы.