15.10.2020, 12:16
Қараулар: 35
АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ

АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ

 

Аудандық полиция бөлімінде қариялар күніне орай бір топ ардагерлермен кездесу өтті.

Кездесу барысында аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы Кенжебек Қоспаев ардагерлердің хал-жағдайларымен танысып, бөлімдегі қолға алынған жұмыс жоспарлар жөнінде тоқталды.


Аталмыш бөлімде ұзақ жылдар қызмет атқарған ардагерлер А.Камаловты мерейлі 70 жасқа, Қ.Жұматаевты 65 жасқа толыумен құттықтаған бөлім бастығының міндетін уақытша атқарушы К.Қоспаев қос ардагердің өңіріне ҚР ішкі істер министрлігінің «Құрметті ардагері» және «ҚР ішкі істер саласының үздігі» төс белгісін қадады.

Кездесу барысында полиция ардагері Д.Беркалиевке ақшалай сыйлық тапсырылды.

Алтай ЖҰМАЖАНОВ,
газеттің штаттан тыс тілшісі