15.10.2020, 12:20
Қараулар: 40
ӘР АДАМДЫ ҚУАНТУҒА АСЫҒАТЫНДАР

ӘР АДАМДЫ ҚУАНТУҒА АСЫҒАТЫНДАР

 

Бұлдырты ауылының 2005 жылғы мектеп бітіруші түлектері мектеп бітірулеріне 15 жыл толуына орай қам көңіл жандарға қайырымдылық шарасын көрсетуге ұйғарым жасады.

Сөйтіп,өзара келіскен түлектер ауыл тұрғыны, отағасы қайтыс болған, жалғыз басты ана Нағия Айсағалиеваның тұрғын үйіне газ кіргізіп беруді қолға алды.
Көңілді қуантарлық жағдай адам баласына жақсылып жасап, алғысын алуға бір кісідей жұмылған 2005 жылғы түлектер сөздерінде тұрды.


Сөйтіп, биылғы жылдың жаз айында жігіттер бірліктерін танытып, өздерінің қалталарынан 360 000 теңге қаражат жинап Н.Айсағалиеваның пәтеріне көгілдір отын қосып берді.
Тағы бір айта кетерлігі, жігіттер мұның сыртында пәтердің ішкі жұмыстары үшін 250 000 теңге қаржыларын шығарып, толықтай жылыту жүйесін орнатты.

Мүсірбек ӘЛІБЕКҰЛЫ,
Бұлдырты ауылы