15.10.2020, 12:24
Қараулар: 36
«ҚАДЫР ЕЛІНЕН-ЖҰБАН ЕЛІНЕ»

«ҚАДЫР ЕЛІНЕН-ЖҰБАН ЕЛІНЕ»

 

Сырым аудандық «Жас туристер станциясы» мекемесінің жоспарына сай үстіміздегі жылдың 7 қазан күні Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақиық ақын Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл толуына және Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, Қадыр Мырза Әлидің туғанына 85 жыл толуына орай «Қадыр елінен — Жұбан еліне» атты туристік-өлкетану веложорығы Сырым ауданының орталығы Жымпитыдан бастау алды.

Жорықшылар белгіленген маршрут бойынша 30 шақырымды артта қалдырып, жалпы білім беретін Қособа орта мектебіне тоқтады. Бұл жерде мектеп директоры Ж.Нурмуханов бастаған ұжым қарсы алып, сапарымызға сәттілік тіледі. Одан әрі маршрутымыз Ақжайық ауданы Сайқұдық және Құрайлысай елді-мекендеріне жалғасты. Маршрут қозғалысына сәйкес тоқталған жерімізде мектеп ұжымдары мен оқушылары веложорықшыларды ыстық-ықыласпен қарсы алды. Жорықшыларға Жұбан Молдағалиев атындағы орта мектебінің директоры Райса Бисенбаева мен Талап орта мектебінің директоры Алмас Қожанов қош келдің айтып, ақынның өмір жолына толы мектеп мұражайлары мен Жұбан Молдағалиевтің атына ашылған сыныптарымен таныстырды.

Кездесу барысында жас өрендер қос ақынның өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ Ақжайық аудандық туризм орталығының директоры Максим Үмбеталиев үнемі байланыста болып, қолдау білдіріп отырды. Веложорықшылар да өз кезегінде Жұбан елінің мектеп мұражайларына Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиевтің атынан естелік сыйлықтар табыс етті.

Осылайша қос ақынға арналған туристік веложорығымыз сәтті аяқталды.

 

Бейбіт БАТЫРШИН,
аудандық «Жас туристер станциясы» мекемесінің директоры