15.10.2020, 15:51
Қараулар: 107
Ризабек БАТТАЛҰЛЫ: «Қаракөз қазақтар біреудің қолшоқпарына айналмауы керек!»

Ризабек БАТТАЛҰЛЫ: «Қаракөз қазақтар біреудің қолшоқпарына айналмауы керек!»

Ауданымызға белгілі исламтанушы ғалым, Нұр-Мүбәрак Египет Ислам университетінің ұстазы Ризабек Батталұлы келді.

Республикалық ақпараттық-насихаттық топтың мүшесі түске дейін аудандағы топ мүшелерімен кездесіп, діни адасуға тап болғандарды оңалту жөнінде дәріс оқыды. – Дін өкілі діни не саяси бағытта болады. Біздің қателігіміз – кімнің қай бағыттағы түсіндіру жұмысына зәру екендігін білмейміз, былай айтқанда «диагноз» қоя алмаймыз. Жалпылама емес, дербес, нақты жұмыстар жасалуға тиіс. Адаспау үшін дін ұстанушыға, адастырмау үшін дін мамандарына білім қажет. Біздің білім сақал, балақ, хиджабты сөз етуге ғана жетіп тұр. Өсу керек. Қаракөз қазақтар біреудің қолшоқпарына айналмауы керек, – деді әл-Әзһар университетінің түлегі. Кездесуде аудандық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері ғалымға сауал қойды. Ризабек Батталұлы түстен кейін жергілікті жамағатпен жүздесті.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ