21.10.2020, 12:39
Қараулар: 66
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ

 Елбасының Жарлығымен қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып бекітілген болатын.

Осыған орай «Қайсар» спорт клубы ғимаратында әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлеріне «Қайырымдылық айлығы» аясының жоспарына сай арналған шара өтті.

Шарада аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ерлан Сәрсенов, «Қайсар» спорт клубының директоры Ерболат Мұқанов әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерін мерекемен құттықтады.

Шара барысында көздің жауын алар «ерекше» композициялар, бұйымдар аукционы өтсе, округтен келген қатысушылар өзара шашка, дартс, асық ату секілді ойын түрлерінде бақ сынап, көңілдері шаттыққа бөленді.

— Өмірді сүйе білген жанның әр жақсы дүниені үйренуге құштарлығы мен ықыласы бөлек болары сөзсіз. Ал сол өмірге деген құштарлықты оята білу нағыз маманның ғана қолынан келеді, -дейді арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі Дидар Сатанғалиева.

 

Айжан БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Сырым ауданы