23.10.2020, 12:33
Қараулар: 97
ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМҒА ҚАСТЫҚ

ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМҒА ҚАСТЫҚ

 

Аудан әкімінің үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Серіктестік  департаментінің директоры Расул Медетов, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының  бірінші орынбасары Нұрдәулет Самет аудан активімен кездесті.

Күн тәртібінде  сыбайлас жемқорлықпен күресудің заңнамалық базасын жетілдіру мәселесі қаралды.

 

Расул Махмудұлы мен Нұрдәулет Ілиясұлы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жолдарын кесу, сыйлық алуды тыю, жемқорлықпен күресті әркім өзінен бастау керектігі жайлы айтты. Одан кейін басқосу сұрақ-жауап ретінде өрбіді.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА