23.10.2020, 12:58
Қараулар: 102
АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТІ ҚАБЫЛДАДЫ

АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев  ақын, ардагер-журналист, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, «Сырым ауданының құрметті азаматы» Махмет Қажиахметовты  мерейлі 65 жасқа толуына орай қабылдады.

Аудан басшысы мерейтой иесін құттықтап, Махмет Мүтиұлы сияқты тірі энциклопедияның аудан үшін, жас ұрпақ үшін орны ерекше екенін атап өтті. Ақынға естелік ретінде «Қазақ халқының тұрмысы мен  мәдениеті» атты кітапты сыйға табыс етіп, өңіріне  Қадыр Мырза Әли атындағы төсбелгіні тақты.

Айта кетейік, Махмет Қажиахметов бұған дейін «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалінің, «Қадыр Мырза Әлі  атындағы медальдің», «Жайық айтысының 60 жылдығына арналған мерекелік медальдардың» иегері еді.

 

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА