9.11.2020, 16:34
Қараулар: 49
СЫРЫМДЫҚ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫНА» ИЕ БОЛДЫ

СЫРЫМДЫҚ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫНА» ИЕ БОЛДЫ

«КӨК НИВАДАҒЫ КІМДЕР?» атты материал «Сырым елі» газеті оқырмандарының есінде шығар. Материалда мал ұрлаған қарулы қылмыскерлердің қылмысы мен олардың жолын кескен Сырым аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Сұлтанбек Исламғалиев пен Аманжол Сапиев туралы айтылады.
— Жігіттердің еңбегі ескерусіз қалмасын деген ниетпен осы мақаланы жаздық. — деген сөз түйіндейді ол мақаланы.
Жігіттердің еңбегі, газеттің үні жерде қалмады. Сырым аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Сұлтанбек Исламғалиев ҚР Президенті Қасым — Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 14 наурыздағы Жарлығымен «Халық алғысы» медалімен наградталды. Медаль облыс орталығында табыс етілді.
Қазір халық танымайтын адамдар да «Халық алғысы» медалін алып жатыр. Арасында біреудің тіккен маскасын біреуге апарып берген адамдар да бар.
Олардың қасында біздің инспектор әбден лайық қой.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ