9.11.2020, 16:53
Қараулар: 88
МІНЕ, АЗАМАТ!

МІНЕ, АЗАМАТ!

Кеше Сырым ауданында Тасқұдық ауылы «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша орталықтандырылған таза ауыз су жүйесіне қосылды. Мердігер серіктестік «Жиенбай» ЖШС міндетіндегі нысанды уақтылы тапсырды.
Серіктестіктің жетекшісі Ахметқали Қарағойшин — жомарттықты да өзіне міндет етіп белгілеген азамат. Ол пандемия кезінде Жымпитыдағы провизорлық орталыққа 565 мың теңге көлемінде қаржылай жәрдем берді. Ол қаражатқа провизорлық орталықтың кәріз жүйесі мен гигиеналық бөлмелері жаңадан жабдықталды.
«Бай болсаң еліңе пайдаң тисін!» — деген Әйтеке бидің қанатты сөзін ұстаным еткен азаматтардың барына қуанасың!
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ