9.11.2020, 16:57
Қараулар: 61
МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ АУДАНДА ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ

МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ АУДАНДА ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ

 

Аудандық балалар саз мектебінің педагогтарына арналған шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағаттың спикері Аманжол Исмагулов, Ақтөбе облысындағы А.Жұбанов атындағы саз колледжінің директоры, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері.

Аманжол Дүйсенұлы сырымдық әріптестеріне саз сырнай аспабын тез үйрену жолдары, шаңқобыз аспабының ойнау ерекшеліктері бойынша шеберлік сағатын өткізіп қана қоймай, музыка саласындағы түйткілді мәселелер жайында әңгіме өрбітті.

Айжан БАУЫРЖАНҚЫЗЫ