9.11.2020, 17:07
Қараулар: 71
АУДАН НАМЫСЫН ТҮРКИЯДА ҚОРҒАЙДЫ НЕМЕСЕ АҚБЕРЕН ДЕ «ЖҰЛДЫЗ» БОЛДЫ

АУДАН НАМЫСЫН ТҮРКИЯДА ҚОРҒАЙДЫ НЕМЕСЕ АҚБЕРЕН ДЕ «ЖҰЛДЫЗ» БОЛДЫ

 

Биылғы мерейтойлар А.Құнанбаевтың 175 жылдығы, Ж.Молдағалиевтың 100 жылдығы, Қ.Мырза Әлидің 85 жылдығына арналған республикалық «Мен де жұлдыз боламын!» атты балалар мен жасөспірімдер арасында онлайн байқау өтті.

Аталмыш байқауға аудан атынан жалпы білім беретін Көздіғара негізгі мектебінің 3-сынып оқушысы Ақберен Мақсот көркем сөз жанры бойынша Ж.Молдағалиевтың «Мен қазақпын» өлеңін нақышына келтіре жатқа оқып, бас жүлде «Түркияға жолдама» иегері атанды.

— Ақберен 5 жасынан бастап өлеңге құмар болып өскен. 1-2 сыныптарда оқып жүрген кезден-ақ аудандық Қадыр оқуларында бағын сынап, өзге де көркем сөз оқу байқауларында жүлдегер атанып жүр. Алғырлығы мен зеректігі шәкіртім Ақберенді әлі талай белеске шығарарына бек сенімдімін,-дейді жетекшісі Айнұр Файзуллина.

«Қазақ өнерінің дамуына үздік шәкірт дайындағаны үшін» Ақбереннің жетекшісі Айнұр Меңдешқызы алғыс хатпен марапатталды.

Ал, өр мінезді Ақберен аудан намысын Түркияда қорғамақ. Жұлдызың жарқырай берсін, Ақберен!

Айжан АМАНГЕЛДИНА