15.10.2015, 11:41
Қараулар: 32
Өрттің шығуына жол бермейік!

Өрттің шығуына жол бермейік!

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің тапсырмасымен 2015 жылдың қыркүйек-қазан айларында облыс аумағында «Тұрғын үй секторының» өрт қауіпсіздігі айлығы жарияланды.

Осы айлыққа байланысты аудан көлеміндегі тұрғын үй секторында аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері және аудандық 12-ӨСБ-нің қызметкерлерімен жарнамалар үлестіріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілу үстінде. Тексеру барысында көптеген олқылықтар анықталды. Бұл  аудан тұрғындарының қауіпсіздік шараларына әлі де немқұрайлы қарайтындығын көрсетеді. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің баптарын басшылыққа ала отырып, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері өрттен сақтану ережелерін сақтамағандарға, жеке тұлғаларға үш айлық көрсеткіш, ал қайталанған жағдайда он айлық көрсеткіш, лауазымды тұлғаларға жиырма бес айлық көрсеткіш, қайталанған жағдайда елу айлық көрсеткіш айыппұл салуға құқылы. Осы жағдайларды ескере келе және аудан көлемінде өрт оқиғаларын болдырмау, алдын алу мақсатында әр тұрғын үй иесіне төмендегідей сақтық шараларын назарларыңызға ұсынамыз:

— шатырдағы және от қазандықтарының барлық түтін өтетін тұрбалар және қабырғалар, түтін өтетін жолдарды сылау;

— пәтердегі, үйдегі электр сымдары мен кабельдердiң жалғаулары мен ұштарын оқшаулаусыз қалдыруға;

— ақаулы және істен шыққан электр қосқыштарды, розеткаларды, патрондарды ауыстыру;

— үй жиhаздарын және басқа да жаңғыш заттарды газ жабдығынан 20 см қашықтықта орналастыру;

— газ баллонды ауыстырғанда, газ баллоның ауызындағы резинкасы міндетті түрде жарамды болуы және бар-жоғын қарау;

— редукторды газ баллонға салған кезде, тек сабынның көпіршігімен тексеру керек, сіріңкемен тексеруге мүлдем болмайды;

—    өз бетімен газ приборларын ауыстыруға және жөндеуге тыйым салынады;

—    газ приборларын жасалуына өзгертулер жасауға;

—    газды пайдаланып болғаннан кейін газ приборларының кранын, редукторын жабуды ұмытпау;

—    жағылған газ приборларын қараусыз қалдыруға болмайды.

А.ТлекҚабылов,

Сырым ауданы ТЖБ инженері, ө.қ.қ лейтенанты