15.10.2015, 11:45
Қараулар: 22
Тартысты ойын өтті

Тартысты ойын өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында, қазақ хандығының  550 жылдығына орай  Аралтөбе ауылдық округінде «Қайсар» спорт клубының ұйымдастыруымен волейболдан ерлер командалары арасында  аудандық жарыс оздырылған болатын. Жарысқа ауылдық округтерден командалар қатысып, қызықты ойын өрнегін көрсете білді.

Жарыстың ашылу салтанатында Аралтөбе ауылдық округінің әкімі З.Ерғазиева сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыс қорытындысы бойынша І орын Аралтөбе ауылдық округінің командасына  бұйырса, ІІ орын Жосалы ауылдық округінің командасына, ІІІ орын Бұлдырты ауылдық округінің командасына бұйырды. «Жеңіске деген жігерлігі үшін» номинациясын Қособа ауылдық округінің командасы  жеңіп алды. Ал, «Ең үздік қорғаушы» болып Руслан Дүйсенғалиев, «Ең үздік шабуылшы»  Рахымбек Қайырғалиев, «Ең үздік ойыншы» Расул Атқаев атанды.

 

Жанбота Нұрғалиев,

«Қайсар» спорт клубының

 Аралтөбе ауылдық округі бойынша әдіскері

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар