15.10.2015, 11:50
Қараулар: 38
Күзгі спартакиада басталды

Күзгі спартакиада басталды

6.15.10.15Аудан орталығындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20  және Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған аудандық мекеме қызметкерлері арасындағы күзгі спартакиаданың ашылу салтанаты басталды.

Аудан тұрғындарының денсаулықтарын және мекеме қызметкерлері арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі нығайту мақсатындағы спорттық сайыста сөз алған аудан әкімі Абат Шыныбеков, ардагер-ұстаз Ғилаж Қаналиев  жарысқа қатысушыларға сәтті қадам тілеп, елімізде бұқаралық спортты дамытуға ерекше ден қойылғандығын атап көрсетті.

Спартакиаданың алғашқы ойын сатысы шағын футболды тамашалаудан басталды. Шаршы топта «Аурухана», «Білім», «Айбын», «Динамо», «Мәдениет», «Қаржыгерлер», «Қ.Мырзалиев», «Ж.Досмұхамедов» командалары сынға түсті.          Нәтижесінде «Мәдениет» командасы І, «Айбын» командасы ІІ, Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің командасы ІІІ орыннан көрінді. Айта кетерлік, қазан айының 11-і мен қараша айының 14-і аралығында асық ату, дойбы, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, гір тасын көтеру, дартс, баскетбол, волейбол ойындарымен спартакиада жалғаспақ.

 

М.Ерниязова,

Жымпиты ауылы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар