15.10.2015, 11:55
Қараулар: 54
Қарттар – ауылдың қазынасы

Қарттар – ауылдың қазынасы

Елтай ауылдық округіндегі  мектеп асханасында қариялар мен мүмкіндіктері  шектеулі  жандарға    арналған мерекелік шара өтті.

Ауыл әкімі С.Қыдыралин  мектеп директоры М.Шулеуов  «Жайық жауҺарлары» атты қоғамдық әйелдер кеңесінің төрайымы Г.Жақсыбаева ауыл қарттарын құттықтап, мерекелік шараны  ашты.  Ауыл өнерпаздары  Р.Талблимова, А.Ажғалиева, Б.Сапиева  ән шырқап, мектеп оқушылары  аталар мен әжелерге мерекелік жыр жолдарын арнап, гүл шоқтарын ұсынды.Тылда еңбек еткен ардагерлер балалық шақтарындағы  қиындығы мен қызығы  мол жылдарды еске алып, ән айтып, көңілді отырды. Шараның өтуіне   «Дәурен»             шаруа  қожалығының басшысы С.Есеналин, жеке  кәсіпкер К.Саркеева және мәдениет үйі, пошта, кітапхана, мектеп, әкімшілік, дәрігерлер ұжымы, әлеуметтік қызметкерлер, «Таза су» ұжымдары өз үлестерін қосты.

А.КӘрімова,

әлеуметтік  қызметкер

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар