15.10.2015, 15:14
Қараулар: 79
Асыл әжем

Асыл әжем

5.15.10.15Әжем Сарқұлова Орнай Пайызқызы 1935 жылы  Сырым ауданында дүниеге келген.  Ол 5 ұл,1 қыздан 16 немере, 7 шөбере, 4 жиен, 3 жиеншардың қызығын көріп отыр.

Менің әжем тыл ардагері.  Әжемнің айтуы бойынша, тылға қатысқанда көп қиыншылықты бастан кешірген.  Қолдан бидай тартып, ұн жасап, бір нанды екі-үш күнге жеткізіп жеген кездері болған. Ол замандағы әңгімелерінің бәрі бізге ертегі сияқты екен. Менің әжем жас кезінде ешқандай қызық көрмеген, балалық шағында соғыс заманы болған. Тумалары соғыстан оралмаған. Жалғыз анасы үш қыз, бір ұлын тәрбиелеп өсірген. Әжем ол заманды сендерге көрсетпесін деп тілейді. Әжемді қуантуға қолымнан келгенінің барлығын жасаймын, тек әжем мұңаймаса екен деймін.

Біз әжемізді құрметтейміз, қатты жақсы көреміз. Арамызда мәңгі ақылшы болып жүре берсін деген тілек тілейміз.

«Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп  тегін айтпаған екен.Аталарымызды, әжелерімізді сыйлап, қуантып жүрейік. Осы заманға жетуімізге осы кісілеріміз­дің арқасында деп білемін.

Арсен Аманжолұлы,

ЖББ Жамбыл негізгі мектебінің 

Оқушысы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар