15.10.2015, 15:18
Қараулар: 30
741 адам жұмысқа орналасты

741 адам жұмысқа орналасты

2.15.10.15Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына арнаған  Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіткен «Жұмыспен қамту — 2020 жол картасы» бағдарламасы  қабылданған болатын.

Қазіргі күні мемлекет алдындағы басты талап халықтың тұрмыс-жағдайын, әл-ауқатын арттыру болып табылады. Үкіметтің барлық жұмыстарын осы шараны жүзеге асыратындай арнаға топтастыру өте маңызды мәселе болып отыр.

Осы тұрғыда, Сырым ауданы бойынша  2015 жылға кешенді жоспар арқылы 665 адамды жұмысқа орналастыру қажет болса, қазіргі уақытта мемлекеттік бағдарламалар арқылы 741 адам жұмысқа орналасты. Яғни, жергілікті бағдарламалар арқылы жұмысқа орналастыру жәйі 111 пайызға орындалды.

Оның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» — 86 адам, «Аймақтарды дамыту» — 642 адам, «Агробизнес – 2020» — 10 адам,  «Аймақтарды бірыңғай дамыту» бағытында — 3 адам бар.

Аудан бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру бағытында 14 адам уақытша және тұрақты жұмысқа орналасса, оның ішінде «Жұмыспен қамту — 2020 жол картасы» бағдарламасы арқылы 6 адам тіркелген.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу нысаналы топқа жататын адамдарды  әлеуметтік қорғаудағы ең маңызды шара болып келеді. Ағымдағы жылы аудандық бюджеттен 4 136  мың және республикалық бюджеттен 2 248 мың теңге бөлініп,  63 адам  жұмысқа орналасса,  оның ішінде 1 адам мүгедектік санатында.

Жастар практикасына 2015 жылы республикалық трансферттен 2 997 мың және жергілікті бюджеттен 9 995 мың теңге қаржы бөлініп,  71 жас маман жұмысқа, (оның ішінде 2 адам мүгедек) жолданды.

2014 жылы жұмыссыз 8 адам кәсіптік даярлау оқу түріне оқуға жолданып, 2015 жылы оқуын аяқтаған 8 адамның 6-ы тұрақты жұмысқа  (оның 1-і мүгедек адам) орналасты.

Бағдарламаның екінші бағыты аясында 2015 жылға аудан бойынша 20 адамға 43,0 млн. теңге бөлініп, қазіргі уақытта 18 адам 37 млн. теңге несие алды. Несие алу жұмыстары жүруде.

Бұдан бөлек, мемлекеттік қолдау шараларынсыз Жымпиты–Қаратөбе тас жолын күрделі жөндеу жұмыстарына «Uniserv» ЖШС-не 10 адам, Бұлдырты ауылына кіре беріс 12 шақырым тас жолын жөңдеу жұмыстарына «Проект Жол» ЖШС-не 2 адам, Жымпиты ауылының ішкі жол жөңдеу жұмыстарына «СуперДор» ЖШС-не 4 адам жұмысқа жолдама алды.

 

Ш.Дүйсенғалиева,

Сырым аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры

Асыл әжем

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар