15.10.2015, 15:22
Қараулар: 30
Қыстаққа қамданыс

Қыстаққа қамданыс

4.15.10.15Аудан бойынша 2015-2016 жылдың мал қыстағына 38140 бас ірі қара, 11747 бас жылқы, 88050 бас қой-ешкі,  68  бас түйе  кіреді деп жоспарлануда.

Ауданымызда қыс мезгілі 158 күнге созылады. Осыған байланысты аудан бойынша 2015-2016 жылдарғы мал қыстағына жыл басындағы малға сәйкесті 101 мың  тонна көлемінде шөп дайындау жоспарланса, бүгінгі таңға 124 921 тонна  шөп  дайындал­ды немесе жоспар 124 пайызға орындалды. Өткен жылдан қалған 5477 тонна  шөп бар.  Жалпы аудан халқына қыстан малды аман алып шығуға қажетті мал азығы жетерлік. Ауа райының қолайсыздығына орай ауданда егістік күйіп кетті. Десекте, малға қажетті жемге сұраныстар берілуде.

 

Арман Тоқтаров,

Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы

Ауылшаруашылық

Басқа да мақалалар