15.10.2015, 15:28
Қараулар: 36
Мүлігіңді жария ет, ағайын!

Мүлігіңді жария ет, ағайын!

  1. 3.15.10.15Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы қабылданды.

Заңға сәйкес ақша, бағалы қағаздар, заңды тұлғаның жарғылық капиталына  қатысу үлесі, оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа), құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үйлер (құрылыстар, ғимараттар) кіреді. Жария етуге сонымен қатар біздің мемлекетімізден тыс орналасқан ғимараттар да жатады.

Мүлікті жария ету 2014 жылдың 1 қыркүйегінде басталды.

Қазіргі таңда Сырым ауданы бойынша мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізу жөніндегі комиссия  мүлікті жария ету немесе жария етуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Комиссия төрағасы аудан әкімінің орынбасары Т.Төреғалиев. Аталмыш комиссияға мүлікті жария етуге орай 8 өтініш түсіп, жария етілді. Мұндағы жылжымайтын мүліктердің барлығы да республика аумағында орналасқан, бұрын ҚР заңнамасына сәйкес ресімделмеген.

Тілек Үмбетияров,

Өлеңті ауылының тұрғыны:

– Мен 2001 жылы аудандық электр торабына жұмысқа орналастым. 2000 жылы үй берілді.  2014 жылы мүлікті жария етуге рақымшылық жасау басталды. Осы кезге үйдің құжаттары дұрыс ресімделмеді. Қолымда тек техникалық құжат пен жер актісі ғана болды. Тұрғын үйге құқық беретін акті болмады. Биыл тамыз айында мүлікті жария етуге қатысты үйдің құжаттарын комиссияға тапсырдым. Комиссияның оң қорытындысымен үйім мемлекеттік тіркеуден өтіп,  қыркүйек айынан бері үй атыма аударылды, сол үйге есепте тұрмыз. Ауданның тұрғындарын берілген мүмкіндікті пайдаланып, мүліктерін жария етуге шақырамын.

Мүлікті жария етуге қатысты барлық мәселелер аудан әкім аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы, комиссия хатшысы Ж.Мұхамбетжановқа 22210 нөмірі арқылы хабарласып, кеңес алуға болады.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар