15.10.2015, 15:30
Қараулар: 40
Жаңа төраға сайланды

Жаңа төраға сайланды

Жақында «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалының мәжіліс залында Орал қаласына қоныстанған сырымдық ардагерлеріміз бас қосты. Бас қосуда ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасы болып Баянбек Гумаров сайланды. Осы кезге дейін төрағалық қызмет атқарған Наурызбай Жұрмағамбетов атқарылған жұмыстарының есебін берді. Жерлес ардагерлерімізді ауданның тыныс-тіршілігінен хабардар еткен аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов қажырлы еңбегі үшін Наурызбай Жұрмағамбетовке алғыс хат пен жерлес ақындарымыз Абдолла мен Қадырдың кітаптарын сыйға тартты.

 Орал қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нығмет Кенжебай Әлжанұлы қашанда ардагерлердің ұйымшылдық танытып, татулықтың ұйытқысы бола білулері жайында ой тастады. Өз кезегінде сөз алған жаңадан тағайындалған ардагерлер кеңесінің төрағасы Баянбек Гумаров жерлес ардагерлерімен тығыз байланыс орнататындығына сендірді. Отырыс соңында ардагерлер бірлестігі қауымдастығының кеңес мүшелері сайланды.

 

М.Мәлікқызы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар