15.10.2015, 10:29
Қараулар: 615
Бейбітшілік пен келісім күні атап өтілді

Бейбітшілік пен келісім күні атап өтілді

Рухани келісім күні – татуласу күні, барлық этностар мен конфессия өкілдерінің, әртүрлі саяси және діни сенімдер жақтаушыларының өзара түсіністігі, сонымен қатар рақымшылық және жақынына көмек көрсету күні. Бұл дәстүр Алматы қаласында 1992 жылы өткен Әлемдік Рухани Келісім Конгресінің алғашқы сессиясымен басталды. Конгрестің ашылу күні, яғни 18 қазан – Әлемдік рухани келісім, араздастық пен қақтығыстарға мораторий, татуласу жолдарын іздеу, адамдар арасында келісім орнату, мейірімділік күні деп аталды.

Облысымызда Рухани келісім күнін өткізуді келісу бойынша Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің және діни бірлестіктер клубының отырыстары оздырылды. Онда ол күнді өткізу бойынша сұрақтар мен ұсыныстар талқыланды. Ал дін істері басқармасымен «Рухани келісім – халықтар бірлігіне бастар жол» жоспары таныстырылды.

Аталған отырыстарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің өкілдері қатынасты. Олар өз сөздерінде елімізде конфессияаралық келісімді дамытуға арналған бұл күнді атап өту маңызды орын алатынына тоқталды. Өйткені, Қазақстан саяси көзқарастары және діни сенімдері тәуелсіз көп этностардың мекені болып табылады.

Мәншүк Харесова,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО  бойынша Департаментінің

ресми өкілі 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар