15.10.2015, 10:45
Қараулар: 169
Ұлт жоспары ұлылыққа бастайды

Ұлт жоспары ұлылыққа бастайды

8.15.10.15Қазіргі уақытта бүкіл халық алдындағы жауапты саяси күш ретінде «Нұр Отан» партиясының алдында аса маңызды міндеттер тұр. Соның біріншісі қазақстандықтарды бес институционалдық реформаны және 100 нақты қадам Ұлт жоспарын жүзеге асыруға жұмылдыру болып табылады. Елдегі қуатты саяси күшке айналған «Нұр Отан» партиясы Елбасы жүктеген міндеттердің орындалуына белсенді араласып, әлеуметтік-экономикалық саясатты жүзеге асыру барысында тиімді партиялық бақылау орнатып келеді.

Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасы – мемлекеттік құрылымды, оның саяси-экономикалық әлеуетін сан-салалы қырынан дамытатын өте ауқымды жоба. Бұл – Қазақстан мемлекеттілігін нығайтып, жарқын болашаққа жетелейтін нақты жоспар. Партия бес институционалдық реформаны қамтитын 100 нақты қадам Ұлт жоспарын жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдардың ауқымды жиынтығын әзірледі. 100 нақты қадам Ұлт жоспарын іс жүзінде жүзеге асыру шеңберінде жастардың мемлекеттік және өкілетті билік органдарының қызметіне қатысуын кеңейту, сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала жұмыскерлерінің нәтижелі жұмысы үшін моральдық және материалдық ынталандыру жүйесін қарастыратын заңнамалық актілерді қабылдау, мемлекеттік қызметкерлердің табыстары мен мүліктерін жариялау мәселелерін реттеу бойынша ұсыныстар қаралуда. Аудандық филиал да осы міндеттерден тысқары қалмай, жергілікті уәкілетті органдармен бірлесіп, біршама істі қолға алып жұмыстануда. Айталық, партия мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары аудан тарапынан құрылған топтарда жұмыс істеп, келелі мәселелерді шешуге үн қосып, ой-ұсынымдарын білдіруде. Мәселен, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында Елбасы мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық дамыту бағытындағы жобаларға бөлінетін қаржының тиімді әрі оңтайлы пайдаланылуына қатаң партиялық бақылау орнату керектігін ерекше тапсырғаны белгілі. Осыған байланысты партияның аудандық мәслихаттағы фракция мүшелері бөлінген қаражаттың дұрыс жұмсалуын айрықша қадағалап отыр.

Қазіргі кезде жаңғырту жұмыстары күрделі әрі қиын жағдайда өтіп жатыр. Еліміздің экспорттық тауарларымыздың бағасы айтарлықтай төмендеп, бюджет ақшасы азаюда, соған қарамастан қажетті ақша бөлініп, еліміз бойынша барлық жерде автомобиль жолдарын, аурухана, мектеп, баспана, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жөндеу және салуды қамтитын жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай, Елбасы Үкіметке және барлық әкімдерге халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындауға бюджетте қажетті қаражат болуын қамтамасыз ету үшін қаржыны қатаң үнемдеуді, сондай-ақ, «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылу барысын тиімді бақылауды қамтамасыз етуді тапсырып отыр. Осыған сәйкес, аудандық партия белсенділері аудандық үкіметтік емес ұйым өкілдерімен бірлесіп, ел арасында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Ерболат Исанов,

«Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

100 нақты қадам

Басқа да мақалалар