29.10.2015, 11:41
Қараулар: 6
Кітапхана – мәңгілік парасаттың киелі ғимараты

Кітапхана – мәңгілік парасаттың киелі ғимараты

3.29.10.15Батыс Қазақстан облысының Ж.Молдағалиев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы 2013 жылдан бастап «Аудан кітапханаларының күні» атты жаңа жобаны жүзеге асыруды қолға алды. Бұл жоба кітапхана ісіндегі жаңашыл әдістер мен жетістіктерді насихаттап, іс-тәжірибе алмасу үшін кітапханашылар қауымдастығына зор мүмкіндік береді.

Аталмыш жоба аясында 2015 жылдың 22 қазан күні Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Шежірелі Сырым елі» тақырыбында Сырым ауданы кітапханаларының күні өтті. Шараның мақсаты – Сырым ауданы кітапханаларының тарихын, жетістіктерін таныстыру, кітапханашылардың озық іс-тәжірибелерін насихаттау, іскерлік тәжірибе алмасу, облыс кітапханалары арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Бұл шараға арнайы шақырылған қонақтар, Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК, Х.Есенжанов атындағы ОБЖК, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйе қызметкерлері, кітапхана оқырмандары қатысты.

Шара Сырым ауданының әкімі Абат Абайұлы Шыныбековтің құттықтау сөзімен басталып, кітапханашы Ә.Аманбаева ел тарихынан сыр шертетін «Ел бақыты – бетке ұстайтын ері бар, ер бақыты – арқа сүйер елі бар» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Кітап көрмесінің таныстырылымынан кейін бір мезгілде үш алаңда үш шара өтті.      І алаңда ақын Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығына арналған «Өлең-сөздің зергері – Қадыр ақын» тақырыбымен әдеби-сазды альянс, ІІ алаңда ақын Абдолла Жұмағалиевтің шығармашылығына арналған «Қан майданда от құшқан қайсар ақын» тақырыптық кеш, ІІІ алаңда өлкетану бағытында «Атадан қалған аманат – туған жер деген ғажап ат» библиокеруен ұйымдастырылып, кітапханалардың өлкетану бағытында және кітапханалық инновациялық жобалармен жұмыстану тәжірибелерімен бөлісті.

Облыстық кітапхананың оқу залында өткен «Өлең-сөздің зергері – Қадыр ақын» атты шараға шақырылған қонақтармен қатар ақынның жұбайы Салтанат Мырзалиева, «Қадыр қорының» төрағасы Донеділ Қажымов, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы бастығының орынбасары Әбіл Жоламанов қатысып, сөз сөйледі. Қадыр оқуларының жүлдегерлері, әр жастағы оқырмандар ақынның «Дала мен гүл», «Көкпар», «Сырым», «Жымпиты», «Ұлы махаббат», «Бақыт», «Мұғалима» өлеңдерін ерекше ынта-ықыласпен оқыды. Ақынның сөзіне жазылған «Жауынгер мекен – Жымпиты», «Өз елім», «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру», «Көш қызығы», «Атамекен» әндері орындалып, Қызылағаш негізгі мектебінің мұғалімі Н.Қажгереев Қадырға арнауын оқыды. Қонақтарға естелік сыйлық ретінде Қ.Мырза Әлидің шығармалары көптомдығының электронды нұсқасы табыс етілді.

Кітапхананың мәжіліс залында өткен «Қан майданда от құшқан қайсар ақын» тақырыптық кеште «Айбоз ақын – Абдолла» бейнефильмі, «Дарынды ақын, даңқты жауынгер»  слайды  көрсетіліп, ақынның Екібастұз қаласында тұратын інісі Шайдолла Жұмағалиев он-лайн режимінде Абдолла туралы естелік айтып, кітапханашыларға алғысын білдірді. Кешке Абдолла Жұмағалиевтің туыстары  Мира Исенқызы мен Жұбан Тұрарұлы қатысты. Кітапхана қызметкерлері ақынның жалынды өлеңдерін, ақынға арналған арнауларды жатқа оқыды. А.Жұмағалиев атындағы орта мектептің оқушысы А.Ғабдықұлов «Абдоллаға арнау» өлеңін, Бұлан ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Г.Өтешова «Ана мен ескерткіш» атты монолог оқыды. Оқырмандар Жосалы ауылдық клубының қызметкері А.Елшібековтің орындауында Абдолла Жұмағалиевтің сөзіне жазылған «Оралар күн» әнін тамашалады.

ІІІ алаңда оқырмандардың туған өлке тарихы, әдебиеті мен мәдениеті туралы білімін жетілдіру, туған жері­не  деген сүйіспеншілігін арттыру, патриотизмге тәрбиелеу мақсатында жастар тобымен ұйымдастырылған «Атадан қалған аманат – туған жер деген ғажап ат» библиокеруенде интерактивті тақта арқылы Сырым еліне виртуалды саяхат жасалып, әр бекетте («география», «тарих», «әдебиет», «өнер», «спорт») өлкетану бағытында сұрақтар қойылып, жауаптары тыңдалды.

А.УӘлиахметова,

Т.ТӨлешова,

Сырым аудандық ОКЖ әдіскерлері

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар