29.10.2015, 11:52
Қараулар: 170
Суретшінің көрмесі

Суретшінің көрмесі

2.29.10.15Жуырда Қазақ хандығының 550 жылдығы мен аудан күніне орай аудандық мәдениет үйінің фойесінде суретші-педагог, «Құрмет» белгісі орденінің иегері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Сатыбалды Қажымұратұлы Құлбековтің  көрмесінің ашылу рәсімі өтті.

Суретшінің көрмесін тамашалауға  аудандағы мекеменің қызметкерлері мен мектеп оқушылары келді. Көрмеге келушілер суретшінің және Жанна есімді қызының түрлі тақырыптарды арқау еткен шығармаларымен танысты.

Сатыбалды Қажымұратұлының натюрморт, пейзаж, мүсін, кескіндеме  жанрында салынған суреттері көптеп кездеседі. Ол өзінің ішкі ойын «Жаңа қала – Орал», «Сарайшық» Атырау,  «Бекет ата», «Жайық самал лебі» сынды өлке табиғатын бейнелеген түрлі сипаттағы кәртеңкелері көрмені қызықтаушыларға ерекше қызығушылық туғызды. Суретшінің туындылары тек Қазақстан жерінде ғана емес, өзінің туып-өскен Башқұртстан елінің коллекционерлерінің қорларында сақтаулы екен. Сүйікті мамандығының мақтанышына айналған суретшінің бірнеше көркем шығармашылық туындылары «БҚО суретшілерінің республикалық көрмесі»,  «Жазира Жайық» БҚО суретшілері, «Махамбет-2007» аймақтық көркемсурет көрмелері тағы басқа жинақтарына енген.

Көрменің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары А.Сарқұлов тарихын дәріптейтін туындыларын көпшілікке ұсынған қылқалам иесіне ризашылығын естелік сыйлығы мен аудан әкімі атынан ұсынылған алғыс хатын жеткізді. Сатыбалды Қажымұратұлы Жымпиты жерінің қойнауы тарихқа бай, өзінің бала кезден суретке құмар боп өскендігін айта келе қолынан шыққан туындысын аудандық тарихи-өлкетану музейіне табыстады. Айтулы шараға Батыс Қазақстан облысы «Ақжол» демократиялық партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайыржан Идиятов және осы партияның мүшелері қатысты.

М.МӘЛІКҚЫЗЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар