29.10.2015, 11:55
Қараулар: 115
Ұлы дала тарихы сыр шертеді

Ұлы дала тарихы сыр шертеді

9.29.10.15Осындай атаумен Қазақ хандығының 550 жылдығы мен аудан күніне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция оздырылды.

Алдымен конференция қатысу­шылары аудандық мәдениет үйінің фойесінде Сырым ауданының жер-су атаулары мен тарихи орындары енгізілген «Менің кіші Отаным» І тарихи-танымдық экспедициясының қорытындысы бойынша шығарылған кітаптың таныстырылымына зер салды. Ауданымызға қонақ ретінде арнайы шақырылған белгілі өлкетанушы Жайсаң Ақбай мен «Нұр шуағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Г.Ерғалиева көпшілік алдында  жаңа кітаптың тұсау кесу рәсімін жасады.

Ғылыми-практикалық конфе­ренцияның пленарлық отырысы тарих, қазақ тілі мамандарының, мекеме қызметкерлерінің, үкіметтік емес ұйым мүшелерінің, жоғары сынып оқушыларының қатысуымен  жалғасын тапты. Кіріспе сөзімен ашқан аудандық мәслихаттың хатшысы Ә.Ғалымов болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады деді. Өткен тарихты біліп, оны зерделеу жолындағы игі істерге тың табыстар тілесе, өлкетанушы Жайсаң Ақбай қазақ мемлекетінің алтын бесігі жайында, қазақ хандығының тойы -– тәуелсіздігіміздің ұлт болып қалыптасу тойы екендігін еске салып, өткен тарих жөнінде сыр толғады.

Қазақ хандығының 550 жылдығы төңірегін толғаған баяндамалар легі жалғасып жатты. Алғашқы боп М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың «Қазақстан тарихы және өлкетану ғылыми орталығының» жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиев «Әз Жәнібек хан тарихындағы ақтаңдақтар» деп аталған баяндамасында Қазақ хандығының негізін қалаған Алтын Орда ханы Өзбекұлы Жәнібекке Асан Қайғының айтқан жыр жолдарынан жатқа айтты. Әз Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген Асан қайғы туралы деректер жоқтың қасы деді тарихшы. Қазақ тарихыдағы екі Жәнібекті бір-бірімен шатыстырмау қажеттігін ескертті. Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінің педагогика факультетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, Ж.Досмұхамедов атындағы «Қайраткер» қоғамдық қорының президенті Дәметкен Сүлейменова «Тәуке хан және Жаһанша Досмұхамедовтың қазақ мемлекет­тілігі туралы ой тұжырымдары» тақырыбында баяндама жасап, 2017 жылы Алаштың 100 жылдығына орай Орал қаласының Зачаганск ауылында Мөңке би көшесінде Алаш саябағы ашылып, онда алаш қайраткерлеріне арналған ескерткіш орнатылатынын мақтанышпен жеткізді.

Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінің аға оқытушысы, тарих магистрі Азамат Кенжеғалиев «Қазақ хандығы – қазақ мемлкеттілігінің негізі» қазақ мемлекетінің пайда болу тарихы жайында сыр шертті.  Батыс Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті қоғамдық және гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы Ринат Жанғалиев «Ұлы Дала Елі» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы – Ақжайық өңірінде» тақырыптарындағы баяндамалары тарихы тереңде деп түйіндеді. «Менің кіші Отаным» ІІ тарихи-танымдық экспедицияға қатысушылар ЖББ В.И.Шубин атындағы орта мектептің мұғалімі Ғ.Ғабдолов, ЖББ А.Жұмағалиев атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Арман Ғабдықұл, Бұлан орта мектебінің мұғалімі С.Зиятов Ақтөбе, Атырау облыстарына сапар шеккен экспедициядағы алған әсерлерімен бөлісті.

 «Менің Кіші Отаным» ІІ тарихи-танымдық экспедициясы жобасы аясында «Сырым шыққан төбеден – Сырым бөгетіне дейін» барып қайтқан экспедиция мүшелері сахна төріне шақырылып, оларға аудан әкімінің Алғыс хаты табыс етілді.

М.ЕРНИЯЗОВА,

Жымпиты ауылы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар