29.10.2015, 11:57
Қараулар: 103
“Ақжолдықтар” ауданымызда

“Ақжолдықтар” ауданымызда

8.29.10.15Жуық арада қайырымдылық игі шара шеңберінде ауданымызға Батыс Қазақстан облысы «Ақжол» демократиялық партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайыржан Идиятов және атылмыш партияның мүшелері «Нұр шуағы» қоғамдық бірлестігі мен үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде болып,  өздерінің арнайы әкелген сыйлықтарын балаларға ұсынды.

Қам көңіл жандардың көңілін аулап, қайырымдылық жасаудан қалыс қалмаған «Ақжолдықтар» кездесу барысында  мүмкіндіктері шектеулі балалардың әрдайым назардан тыс қалмайтынын айтты.  «Нұр шуағы» ҚБ төрайымы Г.Ерғалиева, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Баяндықов бөлімшедегі балаларға барынша қолдау көрсетіліп, олардың жағдайлары бақылауда екенін мәлімдеді.

Бұдан кейін «Ақжол» партиясының мүшелері аудан орталығындағы Ұлы Отан соғысының ардагері Латифолла Кереевтің үйіне ат басын тіреуді де ұмыт қалдырмады. Бүгінде көз жанарынан айрылса да, көкірегі сайрап тұрған ардагердің қал-жағдайын сұрап, сияпат ұсынған Батыс Қазақстан облысы «Ақжол» демократиялық партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайыржан Идиятовтың дауысын естігенде, балаша қуанды. Келген қонақтар Латифолла қарияның дастарханнан дәм татты.

 

М.МӘЛІКҚЫЗЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар